«Кел достар, қазақша үйренейік»  үйірмесінің есеп беру іс-шарасы.

1-курс  білім алушылар  арасындағы сайыс.

Ағымдағы жылдың  20-ақпанында  АЭжҚК–де  1-курс білім алушыларының арасында  «Қазақшаңыз қалай?»  атты  ісшара болып өтті. Жоспар бойынша өтілген іс-шараға қонақтар, жанкүйерлер, колледж  әкімшілік тарапы қатысты.

Іс-шараның өтілу мақсаты: мемлекеттік тілді дамыту, өзге тілді ортада мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Оқушылардың қазақ  тілі бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін көтеру, әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін арттыру, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. Қазақ халқының  салт-дәстүрлерін дәріптеу, Отанды, туған жерді құрметтеуге  тәрбиелеу.

Іс –шара барысында 1-курс білім алушылары жеті кезеңнен тұратын сайысқа қатысып өз өнерлерін ортаға салды. Сайыста  қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары, тағамдары, мақал-мәтелдер, қасиетті жерлері, атақты ақын-жазушылары, мәдениеті  жайында жинаған  ақпараттарымен бөлісті.

Көрермендер назарына  қазақ халқының келін түсіру, ырым-нанымдардан үзінді,ұлттық тағамдардың жасалуы, ұлттық ойындардан көрініс ұсынылды. Ұлттық аспап домбырада  күй шырқалды. Қатысушылар  мадақтамамен  марапатталды.

              

2019-02-25T10:50:15+03:00